Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University неміс делегациясының (ГФР федералды білім және ғылыми зерттеулер министрлігі)қатысуымен семинар-тренинг өткізді

Esil University Қазмедиа орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен қазақстандық, неміс университеттерінің қатысуымен Қазақстан мен Германияның жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының келешегін талқылау бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды. 

   Семинар-тренинг аясында мемлекеттік органдар, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар өкілдері, ГФР Федералдық білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің өкілдері қатарынан екі елден 80-нен астам делегат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Ләззат Ералиева, ҚР Ғылым қорының төрағасы Шаменов Әбділда, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов қатысты.

  Кездесу барысында қазақстандық және неміс университеттерінің жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, неміс делегациясы ғылыми ынтымақтастық құралдарын және зерттеу қызметі мен қоғам арасындағы байланысты пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

   Айта кету керек, Қазақстан мен Германияның жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан-Германия кооперациясын жаңа деңгейге шығаруға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болуы тиіс.