
Астана қаласы №95 мектеп гимназиясының оқушыларымен кездесу
23 қаңтарда №95 мектеп-гимназияның 11-сыныптарында Esil University өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Esil University ПОҚ ЖОО-ның барлық бағыттары бойынша білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Түлектерді университетке түсу және оқу шарттарымен таныстырып, студенттердің белсенді өмірі мен Университеттің жұмыс істеп тұрған клубтары туралы әңгімеледі.