
Державинскідегі Esil University командасы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Esil University болашақ талапкерлермен кездесулер өткізуді жалғастыруда.
Бұл жолы Державинск қаласында. Esil University көшпелі командасы 10 мектепке барды.ЖОО өкілдері Esil University бағыттары бойынша білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Түлектерді университетке түсу және оқу шарттарымен таныстырды, студенттер университеттің белсенді студенттік өмірі мен клубтары туралы көрсетті және әңгімеледі.