
Esil University оқушылар сарайында кәсіби жұмыс жүргізді
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 2023 жылғы 23 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Астана қаласының оқушылар сарайында оқушылардың сынақ тестілеуі өтті, онда Esil University өкілдері олармен әңгімелесті.
Әңгіме мақсаты-оқушының кәсіби бағытын ерте анықтау және бағытты таңдауға көмектесу.
Профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері Esil University мамандықтары, оқуға түсу және оқу шарттары туралы айтып берді.