Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Астана қаласы №68 мектеп гимназиясының оқушыларымен кездесу

3 сәуірде №68 мектеп-гимназияның 10-11 сыныптарында Esil University оқытушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Esil University ПОҚ келушілерге білім беру бағдарламалары, ЖОО-да оқудың артықшылықтары, білім беру шарттары, оқу мерзімі және жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтып берді. Мектеп түлектеріне университет туралы қысқаша ақпараты бар жарқын буклеттер табыс етілді.

Түлектерге студенттердің белсенді өмірі мен университеттің белсенді клубтары туралы да айтылды.