Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Интернеттегі алаяқтық тақырыбы бойынша студенттермен кездесу

"Esil University" мекемесінің акт залында "Жастар арасында интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады"тақырыбында 1,4 курс студенттерімен кездесу өтті.

Әлеуметтік медиа жастардың шығындар әдеттеріне қалай әсер етуі және оларды әлеуметтік медиа алаяқтықты тану дағдыларына қалай үйрету керектігі туралы түсіндірме дәріс өткізілді.

Сондай-ақ, студенттер интернеттегі ақшаларын қалай басқаруға және жақсы шешім қабылдауға болатындығын жақсы түсінуге көмектесу туралы ұсыныстар алды.