Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University-де халықаралық дөңгелек үстел өтті

Esil University-де "Экономиканың қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Ұлттық валютаның рөлі"тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. 

Аталған іс-шара "Қаржы" кафедрасының апталығына және ҚР Ұлттық валюта күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде ҚР Ұлттық Банкі, ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ, Орынбор мемлекеттік университеті, Ростов мемлекеттік Экономикалық Университеті, сақтандыру компаниялары өкілдерінің қатысуымен гибридті форматта ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің модераторы э.ғ.д., Esil University "Қаржы" кафедрасының профессоры А. А. Мусина және э.ғ.к., Esil University "Қаржы" кафедрасының доценті А. Т. Жұмабекова болды.

Дөңгелек үстел жұмысында өзекті тақырыптар тыңдалды: 

1. Байманова Жаннат Консбайқызы - Жүргізуші төлем балансы департаментінің маманы, Жармұханова Әсем Нұрланқызы-ҚР ҰБ Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті банктерді және банктік емес ұйымдарды дамыту басқармасының бас маманы, тақырыбы:"Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңдері - теңге";

2. Кәрімов Еран Сағатбекұлы-ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары, сөз тақырыбы:"Тұрақты дамуды қаржыландыру – экономикалық климаттың өзгеруіне қарсы күрес құралы ретінде";

3. Парусимова Надежда Ивановна - экономика ғылымдарының докторы, "Банк дело және сақтандыру" кафедрасының профессоры, Орынбор мемлекеттік университеті", сөз тақырыбы: "Валюта бағамының экономикаға әсері";

4. Семенюта Ольга Гетовна - экономика ғылымдарының докторы, профессор, "Банк дело" кафедрасының меңгерушісі Ростов мемлекеттік Экономикалық Университеті (РИНХ), баяндаманың тақырыбы - "Жеке тұлғалардың инвестициялық мінез-құлқының мониторингі негізінде экономиканың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету";

5. Сәдуақасов қуат Айнабекұлы - "Номад Иншуранс "Сақтандыру компаниясы" АҚ Астана филиалының директоры, сөз тақырыбы: "сақтандыру сауаттылығын арттыру құралдары";

6. Үсенбаев Темірбек Мұсалиұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, Esil University Қаржы кафедрасының аға оқытушысы, сөз тақырыбы: "қазерге кезендегі экономиканың дамуы ҚР ҰБ ақшасы-несия саясат"

Айта кетейік, дөңгелек үстел аясында ақша нарығы, қаржы және банк секторы саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар, талқылаулар мен пікірталастар қарастырылған.