
Студенттер Қазақстан мен Орталық Азиядағы "Automechanika Astana 2023"халықаралық қосалқы бөлшектер көрмесіне еріктілер ретінде қатысты
"Бизнес және басқару" факультеті Esil University студенттерінің "Automechanika Astana 2023"Қазақстан мен Орталық Азиядағы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету үшін қосалқы бөлшектердің, автокомпоненттердің, жабдықтар мен тауарлардың халықаралық көрмесіне еріктілер ретінде қатысуын ұйымдастырды.
2023 жылғы 11-14 сәуір аралығында Астана қаласының "ЕХРО" халықаралық көрме орталығында қосалқы бөлшектердің, автокомпоненттердің, жабдықтар мен автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге арналған тауарлардың халықаралық көрмесі өтті.
Esil University студенттері баға жетпес тәжірибе мен коммуникативтік қабілеттерін ашуға мүмкіндік алды, Америка, Қытай және басқа да шет мемлекеттерден келген көрме қонақтарына кеңес бере отырып, шет тілдерін жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті.