
Esil University студенттері «ТҮРКСОЙ – 30 жыл: қорытындылары мен перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымымен бірлескен «ТҮРКСОЙ – 30 жыл: қорытындылары мен перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Осы ауқымды іс-шараға Esil University мекемесі атынан студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына белгілі мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты. Қонақтар мен студенттер іс шара шеңберінде ТҮРКСОЙ қызметін қамтитын кітаптар мен фотосуреттер көрмесін тамашалады.
Студенттер Тұңғыш Президенті кітапханасын аралап көп мәліметтер алды, сонымен қатар әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық беделді ұйымдардың бірі — Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым — ТҮРКСОЙ ұйымының жүргізілген жұмыстарымен, мақсатымен танысты.