
Студенттер әлемдік экономика бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 1 орын алды
"Әлемдік экономика" 2 және 3 курс студенттері Мысникова Арина, Рыспаева Анелия және Юсупова Назугум "Әлемдік экономика"білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысты. Бұл Студенттік пәнді Тұран университеті ұйымдастырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте Анелия Рыспаева 1 дәрежелі дипломмен, Назугум Юсупова 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Командалық есепте Esil University командасы 1 орынға ие болды (ғылыми жетекшілер: магистр, аға оқытушы. Экономика кафедрасы Мұқанова Мадина Асылбекқызы және PhD, Экономика кафедрасының доценті Мұхамеджанова Айгүл Айтмағамбетқызы).
Осылайша, "Әлемдік экономика" білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы келесі жылы Esil University ұйымдастырады.