
Esil University студенттері үшін ғылыми семинар өткізілді
"Экономика" кафедрасы "Қазақстандағы ғылым академиясының дамуы" тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды.
Спикер э.ғ.к., "Экономика" кафедрасының доценті Ж.Е. Шимшиков болды. Семинар 1-3 курс студенттеріне, сондай-ақ Esil University "Экономика" ББ магистранттары мен докторанттарына арналған.
Семинар соңында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды, семинар жемісті, интерактивті режимде өтті.