Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University жалпықалалық сенбілікке қатысты

Ботаникалық бақтың аумағында жалпықалалық сенбілік аясында Esil University студенттері мен қызметкерлері белсенді қатысты.

Ботаникалық баққа ағаштар отырғызылды, сонымен қатар аумақты қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Esil University ұжымымен және студенттерімен бірлесіп Ботаникалық баққа 140 алма ағашын отырғызды.

Айта кету керек, жыл сайын ЖОО студенттері мен қызметкерлері сенбіліктерді тек өз ЖОО-ның жанында ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа жерлерінде де өткізеді. Университеттен аумақты тазартуға 70-тен астам адам шықты.