
Esil University дипломымен бірге беделді халықаралық CMI сертификатын алуға болады
Esil University мен Ұлыбританияның CMI кәсіби менеджмент қауымдастығы арасында меморандумға екіжақты қол қойылған іс-шарада болды.
Ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қою рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Аккредиттеу және рейтингттеу тәуелсіз агенттігі» басшылығы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Esil University қамқоршылық кеңесінің және директорлар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ЖОО өкілдері, сондай-ақ Esil University қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Айта кету керек, менеджмент және экономика бағдарламаларының студенттері үшін CMI сертификатын енгізу Esil University студенттеріне ұйымды тиімді басқаруға қажетті алдыңғы қатарлы жоспарлау дағдыларын дарытып қана қоймайды, сонымен қатар олардың әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде сертификатталған менеджерлер отандық, ең бастысы, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады.