
«Кескіндерді сандық өндеу. Текстуралық кескіндердегі біртекті аймақтарды анықтау және ерекшелеу әдістері» тақырыбында дәріс өткізілді
«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының базасында «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша білімалушыларға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Түсіпов Жамалбек Әлиасқарұлымен «Кескіндерді сандық өндеу. Текстуралық кескіндердегі біртекті аймақтарды анықтау және ерекшелеу әдістері» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс білімалушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көптеген сұрақтар қойылды. Кейбір мәселелер бойынша пікірталастар болды.
Дәріс соңында білімалушылар шақырылған қонаққа ризашылықтарын білдірді.