
"Ақпараттық жүйелер және технологиялар" кафедрасында жастар ғылымы күні
2023 ж. 12 сәуір күні бакалавриат және магистратура бағдарламаларының білім алушыларына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде "Ақпараттық жүйелер және технологиялар" кафедрасында "Ақпараттық технологиялар цифрлық экономиканы дамытудың негізі ретінде" секциясына қатысушылардың баяндамалары тыңдалды.
Бағдарлама бойынша секция жұмысында 50 бірлік баяндамалар (авторлар саны 58 адам) мәлімделді.
Секция отырысына барлығы 26 адам қатысты, 17 баяндама жеке тыңдалды (авторлар саны 23 адам).
Қорытынды бойынша келесі білім алушылар марапатталды:
I дәрежелі Диплом:
Сейдахметов Бекасыл "Python бағдарламасындағы машиналық көру". «Ақпараттық жүйелер» БББ, 2 курс. Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Абдибекова Л.М.
II дәрежелі Диплом:
Бекболат Аңсаған, Бекболат Ахниет «Бағдарламалау құралдарының көмегімен "Ходомер" ойынын әзірлеу». «Ақпараттық жүйелер» БББ, 2 курс. Ғылым жетекшілері: ф. - м. ғ.к., кафедра меңгерушісі Берсүгір М. Ә.
Уайсов Нұрсұлтан "AI presentation", «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» БББ, 1 курс. Ғылыми жетекшісі: ф.-м. ғ. к., доцент Жанбусинова Б. х.
III дәрежелі Диплом:
Тутубалин Артем "Blender-де роботты 3D модельдеу". «Ақпараттық жүйелер» БББ, 3 курс. Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Байдаулетова А. Т.
Алин Дінмұхаммед, Аршкенов Сәбит, Мұсаханов Әлішер "АЖ жобалауға объектіге бағдарланған тәсіл". «Ақпараттық жүйелер» БББ, 2 курс. Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы. Ақмолдина А. И.
Марапаттау рәсіміне республикалық ғылыми жобалар конкурсының 1 турының жеңімпаздары қатысты:
Анастасия Головинова (4 курс, "Ақпараттық жүйелер" БББ) аталмыш конференцияның пленарлық отырысында "Book Swap" кітап әуесқойларына арналған әлеуметтік желі" жобасын ұсынған;
Моисеенко Дмитрий, Степанов Никита, Родиченко Станислав (2 курс, "Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау" БББ) "KAZFL" қазақстандық әзірлеушілер мен тұтынушыларға арналған фриланс платформасын әзірлеу" жобасымен ерекшеленген.