
"Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада
6B06101 – "Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиада 2023 жылдың 27-28 сәуір күні Петропавл қаласының Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту; ғылымға қызығушылықты дамыту.
Esil University командасы құрамында:
Мұсаханов Әлішер, Салғара Андас, Сейдахметов Бекасыл және жетекшісі Азиева Гүлмира Тағыбергенқызы олимпиадаға қатысты.
2 турдың қорытындысы бойынша "Ақпараттық жүйелер" мамандығының 2 курс студенті Сейдахметов Бекасыл Ержанұлы 3-орынды иеленді.
Олимпиада қатысушылары мен жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз. Оқуда және болашақ кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!