
"Panda Innovation" ЖШС техникалық директоры Нұриддинов Айдермен кездесу
«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының базасында «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша профессор-оқытушы құрамы мен білімалушыларына «Panda Innovation» ЖШС техникалық директоры Нуриддинов Айдермен «Білім берудегі IT өнімдер.
РМ әзірлеушілерге дейін қатысушылар» тақырыбында дәріс өткізілді. Нуриддинов А. Еуропаның ТОП 15 бағдарламашыларының қатарына кіреді. Оның жұмысының негізі болып талдау, шешу әдістері және Қазақстандық нарықтың әртүрлі құрылымдарындағы бай кәсіби тәжірибесі табылады.
Дәріс барысында баяндамашы келесі бағыттар бойынша сұрақтарды ашты: IT құрылымымен таныстыру, тапсырмаларды шешу және тарату әдістері.
Дәріс барысында білімалушылар сұрақтар қойып, аудиториямен үнемі кері байланыс жасап отырылды, кәсіби мақсаттар мен міндеттерді қою мен таңдауда әртүрлі мәселелерді белсенді түрде талқылады.
Білімалушылар шақырылған қонаққа ынтымақтастық және болашақта тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.