Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Студенттердің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар мониторингі басқармасының өкілімен кездесуі

   Мансап апталығы бағдарламасы аясында Esil University-де "қазіргі кезеңде ҚР-да мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір аспектілері"тақырыбында дәріс өтті. 

  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар мониторингі басқармасының бастығы Айдын Бадуанұлы Имашев дәріс оқыды.

 Дәріске "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі С. Н. Валиева, "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары, студенттер қатысты.

 Дәріс соңында оқытушылар да, студенттер де мансапқа, жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендірудегі жұмысқа, асыл металдарды өндіру мүмкіндігіне қатысты сұрақтар қойды.