Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Бабасов Әлихан Esil University студенттерімен кездесті

Мансап апталығының бағдарламасы аясында "Тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыс перспективалары" тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

Дәріс спикері "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жобаларды басқару орталығының қаржы жөніндегі бас маманы Бабасов Әлихан болды. Дәріс барысында ол жер қойнауын пайдаланушылар мен жабдық өндірушілер үшін басты басымдықтар, елдің тау-кен өндіру секторының таяу перспективалары туралы айтып берді. 

Дәріске "Экономика"мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Кездесу соңында лектор барлық сұрақтарға жауап берді.