
Esil University-де Астана қаласының полиция қызметкерлерімен кездесу өтті
Esil University-де Астана қаласы полиция департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме өткізді, оның барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптар қозғалды. Өз сөзінде қонақтар интернет-алаяқтықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдерді есірткіден сақтандыру тақырыбын қозғады.
Сондай-ақ, қызметкерлер студенттерге телефон арқылы алаяқтық және интернет желісіндегі алаяқтық туралы айтып, онлайн-банкингті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салды.