Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенттері Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

"Қаржы" білім беру бағдарламасының студенттері "ХХІ ғасырдың экономикасы мен басқаруы" ФЭУ-2023 СҒЗЖ студенттеріне, магистранттары мен аспиранттарына арналған XVIII Халықаралық ғылыми конференцияға (онлайн) белсенді қатысты.

Конференцияға қатысу үшін барлығы 12 ғылыми мақала, оның ішінде 2 мақала ағылшын тілінде берілді. "Экономиканы цифрландыру жағдайында ұйымдардың тұрақты дамуының қаржылық және есептік аспектілері" секциялық отырысында баяндамалар жасалды:

Сағымбаев Ғалымжан (1 курс магистранты) "Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің депозиттік саясатын қалыптастыру мәселелері", ғылыми жетекшісі э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Берстембаева Р. К.

Құдіретбай Құндызай (3 курс студенті) "жалпыға бірдей салық декларациясын енгізу кезіндегі цифрландыру", ғылыми жетекшісі PhD докторы, аға оқытушы А. Б. Әлібекова.;

Шайқас Арай (3 курс студенті) "analysis of the types, reasons and impact of tax evasion in the republic of Kazakhstan", Э.Ғ.М., аға оқытушы Н.М. Алашбаева;

Усимбекова Аружан (3 курс студенті) " Shadow economy, taxes and state budget: methods of combating the "invisible enemy" in the Republic of Kazakhstan", Э.Ғ.М., аға оқытушы Н.М.Алашбаева.