
Бережная Мария Esil University студенттерімен кездесті
Мансап апталығы бағдарламасы аясында "Халықаралық сауда және құқық" кафедрасы "Сапалы түйіндемені қалай құрастыруға және әңгімелесуден сәтті өтуге болады"тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
Дәріс спикері ретінде "Kazdream Technologies" ЖШС рекрутинг бөлімінің басшысы Бережная Мария сөз сөйледі. Дәріс барысында ол түйіндемені қалай дұрыс рәсімдеу керектігін, оны қайда орналастырған дұрыс екенін және бос орынға үміткер ретінде сұхбатқа дұрыс дайындалу керектігін айтты.
Оқытушы түйіндеме жасау кезінде жіберетін қателіктерге ерекше назар аударды. Дәріске "Кеден дело" және "Маркетинг"ББ 3-4 курс студенттері қатысты.