
Esil University-де "Қазақстан өнеркәсіпті дамыту институты"ЖШС өкілімен онлайн-кездесу өтті
Мансап апталығы аясында "Қазіргі уақытта экономикалық мамандықтар түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері" тақырыбында онлайн дәріс ұйымдастырды.
Шақырылған қонақ ретінде "Қазақстан өнеркәсіпті дамыту институты" ЖШС атқарушы директоры Алипбаева Назерке Сунгатуллаевна сөз сөйледі.
Кездесу өте жемісті өтті, студенттер өздерін қызықтырған тақырыптарға жауап алды, көптеген сұрақтар қойылды.