Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенттері AgriTek/ FarmTekAstana'2023 халықаралық көрмесіне қатысты

   "Бизнес және басқару" факультеті Esil University студенттерінің 2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында Астана қаласының "EXPO" халықаралық көрме орталығында өткен AgriTek/ FarmTekAstana'2023 ауыл шаруашылығының 18-ші Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер ретінде қатысуын ұйымдастырды.

  Халықаралық ауқымдағы іс-шараларға қатысу студенттерге баға жетпес тәжірибе алуға және коммуникативтік қабілеттерін ашуға, білімдерін жетілдіруге, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.