
Esil University-де тілдер онкүндігі аясында дөңгелек үстел өтті
Esil University" мекемесі, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында Тілдер онкүндігі аясында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Досанова Алтынай Жапарқызының ұйымдастыруымен орыс тілді студенттер арасында "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шараға факультет деканы А.А.Мухаметжанова, кафедра меңгерушісі Д.Х.Байдрахманов, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Бұл іс-шараға факультет деканы А.А.Мухаметжанова, кафедра меңгерушісі Д.Х.Байдрахманов, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттердің өз ана тілінің қадір-қасиетін құрметтеуге үйрету және өзге тілдерді білудің қажеттілігі жөніндегі ойларымен бөлісу, пікір алмасу, сонымен қатар ауызша сөйлеу дағдылары мен коммуникативтік құзіреттіліктерін жетілдіре түсу.
Дөңгелек үстелде студенттер тіл жөніндегі өзекті мәселелер жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Дискуссия соңында өте жақсы пікірлерімен бөліскен студенттерге (ИТЗД тобынан Қуанышбек Мейірман, ИС тобынан Жанабекова Карина, СР тобынан жүргізуші-модератор Абенова Анара) естелік сыйлықтар тапсырылды.