Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University Ататүрік саябағында Наурыз мейрамын қарсалды

Esil University Ататүрік саябағында қонақтар мен қала тұрғындарын Жомарт Наурыз дастарханынан дәм тартқызып, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Киіз үйге әкімдік өкілдері келді, олар университет қызметкерлері мен студенттерінің дайындық деңгейі мен қонақжайлылығын жоғары бағалады.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ЖОО студенттік ұжымдары өнер көрсетті. Сондай-ақ, киіз үйдің жанында Esil University мерекелік фото аймағы ұйымдастырылып, онда барлық қонақтар суретке түсті.

Үлкендерден бата алу-бүгінгі күнге дейін сақталған тағы бір жағымды дәстүр. Қызметкерлер мен қонақтар батаны құрметпен тыңдап, жылы тілектері үшін алғыстарын білдірді.