Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенттері халықаралық студенттердің пәндік олимпиадасынан гран-при иеленді

Esil University "Менеджмент" ББ 2 курс студенттері Аман Омаров, Анастасия Ковалева және Гузала Муталипова (ғылыми жетекшілері: профессор З.К. Есімханова және доцент Т. Б. Бирмағамбетов) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.

"Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттердің пәндік олимпиадасына 13 команда, Қазақстанның әр қаласынан және шетелден 39 студент қатысты.Қатысушыларға және ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды. Қатысушыларға және ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды. Ал қорытындысы бойынша Esil University "Бермуд үшбұрышы" командасы үздік деп танылып, гран-при алды.

Халықаралық студенттердің пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сіздерге одан әрі сәттілік тілейміз!