
Университетте Наурыз мерекесіне орай мерекелік концерт өтті!
Esil University-де "Қолданбалы ғылымдар" факультеті дайындаған мерекелік концерт өтті. Концерт Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.
Университет оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері алдында Esil University ректоры Аяпберген Таубаев пен "Қолданбалы ғылымдар" факультетінің деканы Айгүл Мұхамеджанова құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға ұйымшылдық пен жұмыста табыс тіледі.
Студенттер есте қаларлық вокал, би нөмірлерін дайындады, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды.
Іс-шараның барлық қонақтарына наурызкөже мен бауырсақ таратылды, ал мерекелік баннер аясында әркім естелікке суретке түсті.