Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Nauryz: Cross-Cultural Day жоғары деңгейде өтті

Esil University-де ҚР-дағы Үндістан Елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың қатысуымен Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдениетаралық байланыстарға арналған іс-шара өтті. Іс-шара Наурыз мерекесіне және Үндістанның жыл сайынғы Холи фестиваліне орай ұйымдастырылды.

Университет ректоры Аяпберген Таубаев пен Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталығының директоры Санжай Веди құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік іс-шарада жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, университеттің студенттік клубтары мен Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталықтың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сондай-ақ, мерекелік кеште университеттің шақырылған қонақтары мен студенттері Наурыз мерекесі мен Үнді Холи фестивалінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы баяндап, презентациялар жасады.

Іс-шара қорытындысы бойынша эссе байқауына қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.