
Esil University студенттері мен қызметкерлері Жастар театрына барды
Esil University студенттері мен қызметкерлері Рахымжан Отарбаев пен Қажығали Мұханбетқалиұлының "Сырым батыр"тарихи драмалық пьесасы бойынша қойылымды тамашалады.
Esil University қолдауымен Жастар театрының сахнасында "Сырым батыр" қойылымымен Орал қаласы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдени-ағарту бірлестігі “Алтын Орда” балалар және жасөспірімдер театры өнер көрсетті.
Спектакль қазақ халқының ұлы, күрескер-азат етуші Сырым Датұлына, оның өмірі мен қазақтардың бостандығы үшін күресіне арналған
Көрермендер халқымыздың азаттық күресінің тарихымен және ондағы батыр Сырымның рөлімен танысты.