Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кембридж университетінің профессорлары қатысатын дөңгелек үстел

Esil University-де Кембридж Университетінің бизнес мектебінің профессорлары-Shahzad Ansari және hamza Mudassir спикерлер сөз сөйлеген "Халықаралық сарапшылардың көзімен заманауи бизнес білім берудің проблемалары мен талаптары" атты дөңгелек үстел-семинар өтті.

Халықаралық деңгейдегі іс-шараға 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде Кембридж университетінің шақырылған қонақтары, Esil University қамқоршылық кеңесінің және директорлар кеңесінің мүшелері, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері, Esil University профессор-оқытушылар құрамы мен басшылары.

Shahzad Ansari, PhD (University of Cambridge), Professor of Strategy & Innovation, professorial Fellow of St Edmund' s College «Pedagogy and research in business school academia, Q&A. How to succeed as faculty and students» тақырыбында дәріс оқыды..

Hamza Mudassir, Lecturer in Strategy at Judge Business School (University of Cambridge) and CEO of Education Technology Company “Strategize.Inc ""the shift from products to platforms to ecosystems" тақырыбында презентация ұсынды.

Семинар барысында Кембридж университетінің профессорлары халықаралық бизнес-мектепті дамытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ шетелде білім беру стратегиясын әзірлеуге өздерінің көзқарастары туралы айтып берді.

Дөңгелек үстел-семинар соңында қазақстандық бизнес-мектептердің халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламаларының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша стратегиялық ұсынымдар әзірленді.