Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Астана қ. 74 мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу

23 қарашада №74 мектеп-гимназия МКК 11-сыныптарында Esil University өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Университеттің білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы Esil University толық ақпараты туралы презентация ұсынылды. Оқушылар ЖОО-ға түсу бағыттары туралы ақпарат алды. 

Сондай-ақ, өкілдер университеттегі белсенді студенттік өмір туралы айтты. Түрлі ғылыми үйірмелер, клубтар, спорт секциялары, аудиториядан тыс студенттік өмір (белсенділердің студенттік клубы), шығармашылық тұлғаны, көркемөнерпаздықты дамытуға арналған үйірмелер жұмыс істейді.

Сөз сөйлеу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.