
"Менеджмент" мамандығының Esil University студенті Құдайберген Асылым "Елбасы медалін" жеңіп алды
Астанада "Елбасы медалі"табысталды. "Менеджмент" мамандығының Esil University студенті Құдайберген Асылым "Елбасы медалін"жеңіп алды.
"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
"Елбасы медалі" бағдарламасының мақсаты — 14 пен 29 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау.
Асылымды осы маңызды наградамен құттықтаймыз, оқуда және шығармашылықта табыс тілейміз және "Елбасының Алтын медалі" оның таланттары мен қабілеттерін одан әрі дамытуға серпін берсін!!!