
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 11 сынып оқушыларымен кездесу
21 қазан күні 11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру басқармасының бастығы Б. Ахановпен кездесу ұйымдастырылды.
Берік Аханов оқушыларға Esil University тарихы мен білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Ол университеттегі студенттік өмір туралы да айтты.
Сөз сөйлеу барысында оқушылардың ҰБТ-ге түсу және бейіндік пәндер мәселелері бойынша сұрақтары қойылды.