
Астана қаласы гимназиясының оқушыларымен кездесу
24 қарашада 3 мектеп-гимназияның 11-сыныптарында Esil University өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кураторлар Esil University кафедраларының оқытушыларымен бірлесіп Esil University бағыттары бойынша білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Түлектерді университетке түсу және оқу шарттарымен таныстырып, студенттердің белсенді өмірі мен университет клубтары туралы әңгімеледі.