
Esil University 2022 жылды қорытындылады
Esil University-де өткен жылдың қорытындысымен жұмыс кеңесі өтті.
Университет ректоры Аяпберген Таубаев барлық қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қызметкерлердің жетістіктерін атап өтіп, ұжымға 2023 жылы жаңа табыстар тіледі.
Іс-шара барысында университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерді марапаттау өтті. Оларға басшылық атынан алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша "Үздік оқытушы" байқауының жеңімпазы анықталды - К.Н. Оразбаеваны құттықтаймыз!