Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенттері Стратегиялық бастамалар Форумына қатысты

   Бизнес және басқару факультетінің деканаты Rixos President Astana қонақ үйінде өткен Стратегиялық бастамалар форумында Esil University студенттерінің еріктілік жұмысын ұйымдастырды.

   Форумға CSI сарапшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам және саяси қайраткерлер, экономистер, кәсіпкерлер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Биылғы форум еліміздің жақын болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған.

 Студенттер қонақтарды тіркеумен айналысты, сауалнама жүргізді және келушілерді іс-шараларды өткізу бағдарламасы туралы хабардар етті және т.б. ауқымды іс-шараларға қатысу студенттерге баға жетпес тәжірибе алуға, коммуникативтік қабілеттерін ашуға, білімдерін жетілдіруге және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.