
Қазақстандық Швейцария-Америка колледжімен ынтымақтастық туралы Меморандум
Университетте Esil University мен қазақстандық Швейцария-Америка колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Esil University мен қазақстандық Швейцария-Америка колледжі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойылды.
Кездесу қазақстандық Швейцария-Америка колледжінің шетелдік білім беру менеджері Қарлығаш Әлиевамен өтті. Кездесу аясында екі тарап та бірлескен жұмыстың келешегін талқылады.