
Esil University-де БЖЗҚ қызметкерлерімен кездесулер өтті
Esil University холлында "БЖЗҚ" АҚ өкілдері зейнетақы шоты автоматты түрде ашылған, бірақ қазіргі уақытта БЖЗҚ-да іске қосылмаған салымшыларға қызмет көрсету бойынша түсіндіру әңгімелерін өткізді.
Сондай-ақ салымшылардың деректерін өзектендіруді және электрондық қызмет көрсету форматына ауыстыруды (мобильді қосымша бойынша үзінді көшірмені орнату және қарау) жүргізді.
"БЖЗҚ" АҚ көшпелі қызмет көрсету бөлімі бастығының орынбасары Кулушева Бақытжан Esil University-ге бару мақсаттары туралы зейнетақы қорының қызметтерін алу тәсілдері мен коммуникациялар арналары туралы айтып, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы электрондық тәсілмен шарт жасасуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алуға, деректемелерді өзгертуге немесе ЖЗШ жай-күйі туралы үзінді көшірмені алу тәсілі және басқа да көптеген қызметтер.
Қордың ресми сайты арқылы зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес алуға болады www.enpf.kz, Басқарма төрағасының блогына сұрақтар қойып, сондай-ақ 1418 телефоны бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).