
Студенттердің елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерімен кездесуі
"Бизнес және басқару" факультеті "Таза сессия" акциясы аясында бірінші курс студенттеріне "студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Спикер ретінде Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Мамыт Айдос Жанұзақұлы сөз сөйледі.
Білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Дәріс жоғары деңгейде өтті, студенттер белсенділік танытты.