Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына көшпелі сабақ

"Туризм" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне "Туристік өлкетану" пәнін оқу шеңберінде PhD, "Әлеуметтік жұмыс және Туризм" кафедрасының доценті Жасұлан Амангелдіұлы Садықовтың жетекшілігімен ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына көшпелі сабақ өткізілді.

Студенттер ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің әскери тарихымен танысты. Экскурсия барысында студенттер Қарулы Күштердің әскери-тарихи мұражайы 6000-ға жуық экспонаттарды, соның ішінде сирек кездесетін және ерекше құнды тарихи және мәдени ескерткіштерді жинағанын білді,

Астана қаласындағы Әскери-тарихи мұражай осындай сипаттағы басқа мұражайлардан үлкен айырмашылықтарға ие. Оның басты ерекшелігі-кең мультимедиялық экраны бар LED Теледидарлары. Бұл экрандарда мұражайға келушілер Ұлы Отан Соғысының, қазақ хандарының билік ету кезеңінің, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен қазіргі заманғы әскери оқиғалардың нағыз қызықты кадрларын көре алады.