Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Esil University-де студенттер арасында зияткерлік ойын өтті
Кафедра магистрі "Қаржы" кафедрасының апталығы аясында оқытушы Н.М. Алашбаева Қазақ бөлімшесінің 3 курс студенттері арасында "Теңге – мемлекет тұлғасы"тақырыбында зияткерлік ойын өткізді.
Іс – шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, зияткерлік ойын еліміздің болашағын жастарға ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, ұлттық болмысымызды дәріптеу мақсатында өткізілді.

Викторинаға әрқайсысы 5 қатысушыдан тұратын 2 команда қатысты. Студенттер тарих сұрақтарына жауап берді, мақал-мәтелдер, қаржы туралы әндер туралы білімдерін көрсетті.

Іс-шара соңында "қолма-қол ақша" тобы 1 орынды, "электрондық ақша"тобы 2 орынды иеленді. Әр командаға ұйымдастырушылардан сертификаттар мен дипломдар табысталды.