Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Студенттер мен Esil University менеджмент білімін тексерді

1-4 қараша аралығында Esil University-де менеджмент апталығы өтті.  Іс-шараның бастамашысы "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары болды. 
Менеджмент апталығын PhD докторы, "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі Салтанат Валиева ашты. 
Сондай-ақ, апта аясында 1-4 курс студенттері арасында "Менің болашақ мамандығым - менеджер"тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді. 1 қарашада ашылу күні "Менің таңдауым - Менеджмент"тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
IMG_7107.JPG
Менеджмент апталығы аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетімен бірлесіп "пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық процестерді дамытудың жаңа трендтері: жас ғалымдардың көзқарасы" тақырыбында онлайн-форматта халықаралық дөңгелек үстел болды. 
Esil University Академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры Дәметкен Төреқұлова іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол халықаралық іс-шараға қатысқаны үшін серіктестеріне алғысын білдіріп, болашақ диалог тақырыбын қойды. Дөңгелек үстелде өңірдегі цифрлық экономика мен менеджменттің даму трендтері мәселелері талқыланды. Спикерлер қазіргі жағдайда менеджерлерге қандай құзыреттерді дамыту керектігін айтты.
3 қарашада "Менеджмент" кафедрасының 2-4 курс студенттерінің қатысуымен "Инновациялық қызмет қолдаудың әлемдік тәжірибесі" тақырыбында "Инновациялық менеджмент"пәні бойынша ашық сабақ дөңгелек үстелі өтті. 
IMG_7234.JPG
Аптаның ең жемісті күні 3 қараша болды, өйткені Esil University студенттері арасында "Топ менеджерлер" және "Менеджмент - бұл өнер" тақырыптарында 2 зияткерлік ойын өтті. Студенттер топтарда менеджменттің түрлі бағыттарын талқылады, өз жобаларын құрастырды және таныстырды. Студенттер командалары тапсырманы орындады, қызықты хабарламалар жасады, көптеген пайдалы ақпаратты білді, алған білімдерін практикалық мысалда қолдана алды.
Esil University Менеджмент апталығының соңында бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау қазылар алқасы студенттердің барлық ұсынылған бейнероликтерінің сапасын бағалады.