
FAB LAB өкілдерімен кездесу
Бүгін Esil University студенттері үшін Назарбаев Университетінің Fab Laboratory өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында "Ақпараттық жүйелер және технологиялар" кафедрасының студенттері "FAB LAB" деген не екенін біліп, Қазақстандағы алғашқы цифрлық өндіріс зертханасы- "Nur-Sultan Business Campus Fab Lab" қызметі мен бағдарламалары туралы ақпарат алды.
Дәрісті Fab LAB Nazarbayev University зертханасының меңгерушісі Зарина Купенова өткізді. Ол Fab Lab (Fabrication Laboratory) – цифрлық өндіріске арналған ең озық жабдықтары бар зертханалардың дүниежүзілік желісі екенін, ол кез келген идеяны дайын өнімге айналдыруға мүмкіндік беретінін айтты. Зертханада заманауи жабдықтың көмегімен әр түрлі жобалардың макеттерін жасауға көмектесетін тәжірибелі кеңесшілер жұмыс істейді. Сондай-ақ, зертхана әр түрлі бағыттар бойынша: электроника, цифрлық модельдеу, аналогтық Схемотехника және дизайн бойынша курстар өткізеді.