
Esil University І республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Республика күні қарсаңында Astana Polytechnic жоғары колледжінде білім басқармасының қолдауымен "Білімді ұлт: уақыт талабы - білім беруді дамыту стратегияларын жаңарту" атты І республикалық ғылыми – практикалық конференция өтті. Esil University қызметкерлері қазылар алқасының төрағасы ретінде қатысты.
Esil University атынан іс-шараға "Есеп және аудит" секциясының төрағасы Мұрат Әлиев, экономика ғылымдарының докторы және Ғабит Шуйтенов, "IT технологиялар" секциясы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент қатысты.
Іс-шараның мақсаты-жастарды білімге, ғылымға тарту және олардың ғылыми әлеуетін дамыту. Конференцияға 70-тен астам колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.