
Esil University V Нобель фестиваліне қатысты
26-28 қазан аралығында Астанада Esil University студенттері мен мұғалімдері қатысқан V мерейтойлық Нобель фестивалі өтті. Форум барысында білім деңгейі жоғары және төмен елдердегі әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, сондай-ақ дамушы елдердегі білім сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Нобель фестивалі-ең ірі халықаралық коммерциялық емес технологиялық және ғылыми-білім беру іс-шарасы. Nobel Fest-тің миссиясы-ғаламдық білім мен ғылымды әлемнің әр бұрышында қол жетімді ету.
Бесінші Nobel Fest қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде алты студияда – Әзірбайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда өтті.