Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University-де Республика күніне арналған концерт өтті

Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Esil University белсенділері дайындаған салтанатты концерт өтті.

photo_5373336509631020841_y — копия.jpg

Әріптестер мен студенттерді ұлттық мерекемен құттықтаған Esil University ректоры Аяпберген Таубаев құттықтау сөз сөйледі.

photo_5373336509631020891_y.jpg

Сонымен қатар, университеттің бірқатар қызметкерлері мен студенттері құрмет грамоталарымен марапатталды. Көрермендер алдында домбырашылар, әншілер, би ұжымдары өнер көрсетті.

Кітапханашылардың кәсіби мерекесінің енгізілуіне байланысты Esil University кітапханасының қызметкерлеріне құттықтаулар мен алғыс сөздер айтылды.