
HR-менеджерлер қауымдастығының өкілімен кездесу
Esil University-де ЖОО оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен HR-менеджерлер қауымдастығының Астана филиалының басшысы Татьяна Башаринамен кездесу өтті.
Кездесу студенттерді кәсіби бағдарлау, сондай-ақ оқыту және ұйымда одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Татьяна Башарина жақында өткен HR форумы туралы айтып, іс-шараның негізгі жетістіктері мен ауқымы туралы әңгімелерімен бөлісті. Кездесу нәтижелі жағдайда өтті, студенттер мен түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.