Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Университеттің қауіпсіздігі-студенттің қауіпсіздігі

"Esil University" - де "студент жастар арасында саяси, діни және ұлттық экстремизм идеяларының таралуын болдырмау" тақырыбында семинар өтті.

photo_5368704413172089106_y.jpg

Семинарды құқық қорғау органдары мен дінбасылар студенттердің қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық өткізу мақсатында өткізді. Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Айжан Тұяқова кіріспе сөз сөйледі.

Дінтану саласындағы сарапшы Олег Синяков діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алудың және жастарды жалған діни ағымдар мен культтерге тартудың құқықтық әдістерімен бөлісті.

Іс-шара барысында экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі аспектілері талқыланды.