Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University-де елордалық Достық үйінің өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Esil University-де Қазақстан халқы Ассамблеясы күнін өткізу аясында студенттер Астана қаласының Достық Үйінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы-Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы Ілияс Наргужинов Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйінің негізгі қызметімен қысқаша таныстырды.

Сондай-ақ, LED-экранда студенттерге арналған еріктілердің маңызды іс-шараларының бейнематериалдары көрсетілді. "Жастар Ассамблеясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Юлия Лагуткина Астана қ.ҚХА жастарының табысты жобалары туралы айтып, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында студенттер мен қонақтар естелік ретінде суретке түсті.